Page 132 - 7.1.1
P. 132

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                            Қаратпа сөздің тыныс белгілері                                       special-edu.kz.


                   Қаратпа сөз сөйлемнің басында тұрса, одан кейін я
               үтір, я леп белгілері қойылады. Қаратпа сөз көтеріңкі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
               дауыспен айтылса, соңынан леп белгісі қойылады. Леп
               белгісінен кейін бас әріппен жазылады: «Абай, осы сен
               ақынсың-ау!» (М.Ә.) «Ой, әке- ай! Алысқа барып кел-
               дім… Барлық істі тындырдым». (Б.)
                   Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында тұрса, екі жағынан,
               соңында тұрса, алдынан үтір қойылады: «Ұялма, қалқам,
               бір сайра, біз де алалық үлгіні». (Крылов – Абай)

                       1-тапсырма. Мәтінді оқып, көшіріп жаз.

                 1.  Бөжей  Абай  күйін  жақсы  таныған  сияқты  еді.
             Байыптап қарап алып:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 – Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсең, сәлем бер деп
             әкең айтып па еді, жоқ, өздігіңмен істедің бе? – деді.
                 – Бөжеке, әкем емес, өзімнің беріп тұрған сәлемемім
             сізге... (М. Ә.)
                 2. «Түсіндім, қалқам, өзім-ақ айтайын атаңа». (Қ. Тұрс.)
             3.  «Сөйлей  бер,  ақ  домбырам,  күмбірлеген.  Шарықтап
             күй төгілді бүгін менен». (Ж. Ж.) 4. «Мұны оқыса, жігіт-
             тер, аңшы оқысын, біле алмассың, құс салып, дәм татпа-
             саң». (Абай) 5. «Ал, шырақ, құрғақ әңгіме болмасын, іске
             кірісейік». (Ғ. Мұст.) 6. «Сорғалат, көтер даусың, әндет
             әсем, ұрпағы Фирдоусидің – ақын Гасем». (Ж. Ж.)
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             2. Қаратпа сөздердің тыныс белгілеріне назар аудар.

                       2-тапсырма. Оқып шығып, құрамынан қаратпа сөздерді та-
             уып, тыныс белгілерін қойып көшір.

                 1.  Балалар аманбысың шырақтарым
                   Майысып көлге біткен құрақтарым.

                 2. Сөйлей бер ақ домбырам күмбірлеген
                   Шарықтап күй төгілді бүгін менен

             130
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137