Page 135 - 7.1.1
P. 135
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Қыстырма сөз special-edu.kz.
Сөйлемде негізгі айтылған ойға сөйлеушінің көзқа-
расын білдіретін оқшау сөз болады. Мысалы: Менің
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
білуімше, ол – аса сабырлы, салмақты, ізетті де іл-
типатты, мәдениетті адам. («Тербеледі тың дала») –
Бұл сөйлемде менің білуімше деген қыстырма сөз сөй-
леушінің кімнен, қайдан шыққанын білдіреді.
Сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқа-
расын білдіретін оқшау сөзді қыстырма сөз дейміз.
Қыстырма сөздерге мына сөздер жатады: байғұс-ай,
амал қанша, сөз жоқ, бәсе, рас, әрине, дау жоқ, шы-
нында, дұрысында да, меніңше, менің байқауымша,
сіздіңше, оларша, сірә, мүмкін, тегі, тегінде, бәлкім,
кім біледі, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы, әйте-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
уір, айтпақшы, біріншіден, ең әуелі, ақырында т.б.
Қыстырма сөздер құрамы жағынан бір сөзден, сөз
тіркесінен, кейде, тұтас сөйлем түрінде де болады.
Қысқасы, бәрін де жоқтан бастау керек. Ынта
бар, жастық жігер, жалын бар. («Нан иісі») Шын-
дығын айтқанда, тап сол кезде Хабидолланың бұл
әңгімесі маған қиялдай көрінген. (С.)
1-тапсырма. Қарамен жазылған қыстырма сөздердің астын
сыз.
Директор мені күлімсіреп қарсы алды. Байқаймын,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
көңілі көтеріңкі. Сен, қыз, өзің, байқаймын, өткір көрі-
несің. Өткен жылы да өзі сабақ берген балаларды жақсы
білетін еді. Балалар да, әрине, бұған үйренген. Мүмкін,
сен де барарсың? Оқушылардың үй ішімен, тұрмысымен
танысқаның артық болмайды. Сол арада, шынын айту ке-
рек, аздап қуанып та қалдым. Әңгіме енді витриналар,
стендтер, фотомонтаждар жасауға келіп тірелген болатын.
Жасыратыны не, мен мұнда жоғары сынып оқушыла-
рынан, Қабділерден, көмек сұрауды ойлаған ем. (С. Сарғ.)
133
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.