Page 130 - 7.1.1
P. 130

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                            Қаратпа сөз                                          special-edu.kz.


                   Сөйлеуші біреудің (тыңдаушының) назарын аудару
               үшін оның атын атайды немесе үлкен-кішілігіне, ла-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
               уазым-атағына лайық сөздерді қолданады.
                   «Болатбек,  сен  де  сөйлейсің  бе  бүгін?  Әпке,  сізге
               бірдеңе айтайыншы».
                   «Аға, мектепке қарауылшы керек деп едіңіз, сол
               рас па?» (Қ. Тол.)
                   Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын
               оқшау сөзді қаратпа сөз дейміз.
                   Қаратпа сөз көбінесе кісі есімінен, адамға қатысты
               сөзден болады. Мысалы: 1. Азамат екенсің ғой, Иса!
               2. Жүзіме айтшы, жарқыным!

 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                       1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз. Қаратпа сөз-
             дерді тауып, астын сыз.

                 1. Саржан аға, мен сізді бір көрсем де ұмытқан жоқпын.
             (Ә.  Ә.)  2.  Оған  да  бір  амал  табылар,  балам.  3.  Өскелең
             тілек кең өлшеп, алға тартады... Алға, жолдастар, алға!
             (Ғ. Мұст.) 4. Уа, Қайырбек! Тоқта деймін, тоқташы! (Ғ. С.)

             5. Ағай, маған не дедіңіз? – Бауырың асқан әнші екен,
             Гүлсара. (М. И.) 6. Бұл етті турап бересіз бе, нағашы? –
             деді  Ботагөз.  (С.  М.)  7.  Аға,  қозы  түгел  ме?  (С.  Б.)
             8. Қарағым, бермен кел. Бізге де көңіл бөл. (А.) 9. Тыңда,
             дала, Жамбылды. Тыңда, Қастек, Қаскелең, Сөйлесін кәрі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             бауырың. (Ж.) 10. Жұмаш, бері келші, қалқам! (Ғ. Мұст.)
                       2-тапсырма. Төмендегі өлең шумақтарын оқып, мазмұнын
             анықтап, құрамынан қаратпа сөздерді тауып, астын сыз.

                 1. Ел қорғайтын көсемдерім, қайдасыңдар?

                     Бай, қайдасың, ортаға малыңды сал.
                     Сөз бастайтын шешендерім, қайдасыңдар?
                     Азды-көпті аямай барыңды сал.
                     Жаны тәтті жақсылар, қайдасыңдар?

             128
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135