Page 126 - 7.1.1
P. 126
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Жай және құрмалас сөйлемдер special-edu.kz.
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді
жай сөйлем дейміз: Көктем келді. Күн жерді қызды-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
ра бастады.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралған
сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз: Көктем келді де,
мал өріске шыға бастады.
1-тапсырма. 1. Сөйлемдерді салыстыр.
1. Құстар ұшып келді.
2. Көктем келді де, құстар сайрай бастады.
3. Ағаштар бүршік жара бастады.
4. Күн жылынып еді, ағаштар бүршік жара бастады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
5. Дала гүлге оранды.
6. Дала гүлге оранды да, қырдың сәні кірді.
7. Әкем көкөністер егіп жатыр.
8. Әкем саяжайға барысымен көкөніс егуге кірісті.
2. Олардың айтылуында, құрамында, тыныс белгілерінде қандай
айырмашылықтар бар екенін анықта.
2-тапсырма. Өлеңді оқып, құрмалас сөйлемдерді ата. Әрбір
құрмалас сөйлемнің құрамында неше жай сөйлем барын анықта.
Көңілді көктем
special-edu.kz. Күміс жаңбыр төгілді. special-edu.kz.
special-edu.kz.
Көктем қандай көңілді,
Мөлдір аспан ашылды,
Күн пердесі сөгілді.
Жыршы құстар көп келді,
Гүлдер жапты бөктерді.
(С. Жиенбаев)
124
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.