Page 121 - 7.1.1
P. 121

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                  3-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, бірыңғай мүше-                          special-edu.kz.
        лерді тап.

            1.  Дәурен  әрі  ақылды,  әрі  тәртіпті  оқушы.  2.  Жазда
        Әлішер, Асан, Талғат және Ермек Жайық өзеніне барды.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        3. Балалар мектепте де, үйде де, көшеде де өздерін жақсы
        ұстайды. 4. Жастар әзілдесіп, күлісіп, өлең айтып отыр.
        5.  Абайдың,  Алтынсариннің  және  Жамбылдың  жазған
        шығармалары – балаларға деген бай қазына. 6. Нұрбек
        пәлтесін, баскиімін, аяқкиімін шешті. 7. Толқын – жақ-

        сы әнші, әсем биші.

               4-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздер-
        ге сұрақ қой.

                         Жонып, қырнап, сүргілеп,
                                           special-edu.kz.
 special-edu.kz.         Қараторғай келер деп,                                                   special-edu.kz.
                         Ұңғылайды, қашайды!

                         Ұяны өзі жасайды.

                                            (М. Жаманбалинов)


                  5-тапсырма. Мәтінді оқып, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін
        тап.

            Ең бастысы, адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қа-
        жет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды. Өз
        ісіне сенімді, талантты өмір жолын дұрыс таңдаған адам
        ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        білсе,  бойына  күш,  жігер  қосылады.  Адамның  еңбекке
        деген шабыты, талабы арта түседі. Зор ықылас, ынтамен
        істеген іс табыс биегіне жетелейді.


            6-тапсырма. Мақалды көшіріп жаз.

                          Батырға оқ дарымайды,
                          Батылға жау жоламайды.


                                                                                   119
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126