Page 117 - 7.1.1
P. 117
special-edu.kz.
special-edu.kz.
3-тапсырма. Мәтінге ат қойып, мазмұнын айт. Анықтауыш special-edu.kz.
пен толықтауышқа сұрақ қойып, көшіріп жаз.
Қыс келіп, малдың қолға қарағанына біраз уақыт
болған. Бір күні күн еңкейе соларға шөп салуға сыртқа
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
шықтым. Қораға кіргенім сол еді, қойлар үркіп, бұрышқа
қарай жапырылды. «Не болды екен?» деп мойным-
ды созып қарадым. Сол жақ қабырғаның ернеуінде бір
мақұлық отыр. Өзі аппақ. Ала көлеңкеде не екенін айы-
ра алмадым. Жабайы мысық десем, оған келіңкіремейді.
Денесімен бірдей ұзын құйрығы үлпілдеп тұр. Ақырын-
дап жақындап едім, ол бір-ақ секіріп, ашық терезеден
сыртқа шығып кетті.
Ит үріп жатыр. Мен де далаға жүгіре шықтым. Ол зып
беріп шөптің арасына кіріп кетті. (М. Байділдаұлы)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз. Қарамен жа-
зылған сөздерге сұрақ қой.
Мен Асанды шақырдым. Сен ұстаны көрдің бе? Асан
Әсетті кіргізді. Інім дәптерді ашты. Жылқышы атты
ұстады.
5-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы. Толықтауышқа сұрақ қо-
йып, көшіріп жаз.
Көктем
Соғады көктем самалы,
special-edu.kz. Жылғалар жылжып ағады. special-edu.kz.
special-edu.kz.
Көк аспанда еркелеп,
Қарлығаш қанат қағады.
Шоқ шашып Күннің жанары,
Бұтақтан тамшы тамады.
Көктем келіп қуанып,
Құстар әнге салады.
(«Айгөлек» журналынан.)
115
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.