Page 116 - 7.1.1
P. 116

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                           Толықтауыш                                            special-edu.kz.


                   Сөйлемде іліктен басқа септік жалғауларының бірін-
               де келіп, басқа мүшелерді толықтырып тұратын тұр-
               лаусыз мүшені толықтауыш дейміз.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                    Толықтауыштар атау мен іліктен басқа септік жал-
               ғаулы  сөздердің  мына  сұрақтарына  жауап  береді:
               Кімді?  Нені?  Кімге?  Неге?  Кімнен?  Неден?  Кімде?
               Неде? Кіммен? Немен? Мысалы: Жерді трактормен
               жырттық.  Нені  жырттық?  –  Жерді  (толықтауыш).
               Немен жырттық? – Трактормен (толықтауыш).

                       1-тапсырма. Мақалдарды оқып, толықтауышқа сұрақ қо-
             йып, көшіріп жаз.

                 1. Жердің сәні – егін, Ердің сәні – білім. 2. Білімнен
             асар байлық жоқ. 3. Анасының тілін алмаған азапқа қа-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             лады. 4. Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді. 5. Адал дос-
             тық  алтыннан  да  қымбат.  6.  Төзім  мен  еңбек  бәрін  де
             жеңбек. 7. Ерінбей еңбек етуге дағдылан. 8. Ақыл – адам
             көркі, ақылдың сабыр серігі. 9. Даналық халық сөзінде,
             жылылық Күннің көзінде.

                       2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы. Толықтауышты тауып,
             астын сыз.
                                  Тырнап алды қу мысық

                                  Мендей бала қайда бар?
                                  Ұқыптымын, пысықпын.
                                  Шомылдырдым сабындап,
 special-edu.kz.                  Онан кейін тағы да                                             special-edu.kz.
                                           special-edu.kz.
                                  Жүні кір деп мысықтың.
                                  Құйрық маймен сыладым,
                                  «Өс, өс, өс» деп создым кеп,
                                  Қол-аяғын, құлағын.
                                  Тырнап алды қу мысық,
                                  Созғанымда құлағын.
                                  Жақсылықты білмеді,

                                  Қорлығы өтіп жыладым.

             114
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121