Page 118 - 7.1.1
P. 118

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                          Пысықтауыш                                             special-edu.kz.


                   Сөйлемде іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, мақсатын,
               себебін,  сипатын  білдіретін  тұрлаусыз  мүшені  пы-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
               сықтауыш дейміз.
                   Пысықтауыштың сұрақтары мыналар: Қашан? Қай-
               да?  Қалай?  Қалай  қарай?  Қайтіп?  Не  себепті?  Не
               үшін? Қайдан? Не мақсатпен? Неліктен? Не арқылы?
               Кім арқылы?
                   Мысалы: Күндіз жаңбыр жауды. Қашан жауды? –
               Күндіз (пысықтауыш). Атам ауылдан келді. Қайдан
               келді? – ауылдан (пысықтауыш). Әпкем қалада оқи-
               ды. Қайда оқиды? – қалада (пысықтауыш). Мен өзен-
               ге  қарай  жүгірдім.  Қалай  қарай  жүгірдім?  –  өзенге
               қарай (пысықтауыш).
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                        1-тапсырма.  Сөйлемдерді  көшіріп  жаз.  Пысықтауышқа
             сұрақ қойып, шартты белгімен сыз.

                 Біз өзен жағалай жүрдік. Торғайлар терекке ұшып-қо-
             нып жүр. Мен қарттың жүзіне бағдарлай қарадым. Анау
             кең маңдайынан тартылған терең әжімдер сай-сай болып
             қатарласа  жарысып  жатыр.  Өзен  жақтан  самал  еседі.
             Ауылға кештетіп жеттік. Үлкен дарбазалы үйдің алдына
             қарт атын доғарды.

                       2-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрас-
             тыр.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 Үйден, сыныпта, өткен түнде, сеніммен, асыға, жақсы,
             кенет, қаладан.

                    3-тапсырма. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ
             қой.
                 Таңертең Ермек ауылдан шықты. Ол шабындыққа кет-

             ті. Атасы, әкесі шөп орып жүр. Ермек оларға тамақ апара
             жатыр.

             116
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123