Page 43 - 7.1.1
P. 43
special-edu.kz.
special-edu.kz.
1-тапсырма. Сөздерді оқып, үлгіге қарап олардың құрамын special-edu.kz.
ажырат.
Үлгі: Оқушы. Оқу – түбір, -шы – жұрнақ.
Күзетшілік, адамшылық, сәнқой, аспаз, бақташы,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
білімпаз, беделді, білгіш, сулық, еңбекқор, ынталы, жұ-
мыскер, жазушы, күзем, өнерлі, белдік, сенімді, баспаха-
на, кезекші, қалашық, жақсылық.
Сөз әртүрлі бөлшектерден құралады. Ол бөлшектерді сөз
құрамы дейді. Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағы-
насы және қызметі болады. Мысалы, жолдастыққа деген
сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады: жол-дас-тық-қа.
Бірінші жол бөлшегі «салған із» немесе «сапар» деген
мағынаны білдірсе, оған -дас қосымшасы қосылған жолдас
сөзі «серік» деген мағынаны беріп тұр. Бұл сөзге -тық қо-
сымшасы жалғанып, адамдар арасындағы қатынас мағына-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
сын білдіретін сөз жасалған. Соңғы -қа бөлшегі бұл сөзге
жаңа мағына үстеп тұрған жоқ, басқа сөзбен байланыстыру
қызметін атқарып тұр.
«Сөздің тұлғасы» деген ұғымға түбір және қосымша
деп аталатын бөлшектер кіреді. Сөз жалғыз бір түбірден
де (үй, әке, бала т.б), қосымшалы түбірден де (маңдай-ша,
өнер-паз, т.б), екі түбірден де (ата-ана, жақсы-жаман, аққу,
Ақтөбе т.б) құралады.
2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерді
сөз құрамына талда.
Табиғатты аялайық
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Табиғат – адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені,
ырыс-дәулеті, денсаулығының сенімді сақшысы. «Адам-
ның екі анасы бар: бірі – туған анасы, екіншісі – табиғат.
Табиғаттағы заңдылықтар мен құбылыстар үйлесімді
келеді. Ол өздігінен өрескел бұзылмайды, өзгеріске ұшы-
рамайды. «Табиғат әзілді сүймейді, ол әділеттілікті құп-
тайды». Табиғат – ұстаз, тәжірибелі тәрбиеші. Адам
мейірімділікті, сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әде-
мілікті табиғаттан үйренеді.
41
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.