Page 45 - 7.1.1
P. 45

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                               Қосымшаның түрлері                                                special-edu.kz.

                 1-тапсырма. Бағанның екі жағындағы қатар жазылған сөз-
        дерді салыстырып оқы. Оларды көшіріп жаз.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

                                                        Кім?
                   Не?
                   Егін

                                                        Егінші
                                                        Домбырашы

                   Домбыра

                   Оқу
                                                        Оқушы
                   Бас
                                                        Басшы


                                                        Тәрбиеші
                   Жұмыс                                Жұмысшы
                   Тәрбие
             Түбірге жалғанатын бөлшек қосымша деп аталады.
             Қосымшалар жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді.
          Сөз  мағыналарын  өзгертетін  қосымшаларды  жұрнақ
          дейміз.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             Мысалы,  ақыл-ды,  қамқор-шы,  су-лық,  бала-қай
          деген сөздердегі -шы, -лық, -қай қосымшалары – сөздің
          мағынасын өзгертетін жұрнақтар.
             Сөз  бен  сөзді  байланыстыратын  қосымшаларды
          жалғау дейміз.
             Мысалы:  Біз  қаладан  ауылға  келдік.  Сөздерді
          байланыстырып  тұрған  -дан  (қаладан),  -ға  (ауылға),
          -к (келдік) жалғаулары. Бұл сөздерге осы жалғаулар-
          ды қоспай: Біз қала ауыл келді деп айтсақ, сөйлемнің
          мағынасы түсініксіз болады.
             Жұрнақтар түбір сөзге жалғаулардан бұрын жалғана-
          ды. Мысалы: балық-шы-лар, кітап-ша-ға. Бұл сөздерде
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
          -шы, -ша жұрнақтары -лар, -ға жалғауларынан бұрын тұр.


                 2-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қо-
        йып жаз.

             Хат... , біл... , есік... , ер... , жауап... , бала... , су... ,
        ынта... , көп... , дос... , тыныш... , өнер... , көл... , біл... ,
        кітап... , айт... , ойын... , жаз... .
            (-шы, -гіш, -лік, -сыз, -қай, -ат, -лы, -шіл, -тық, -паз,
        -шік, -шық, -гір, -ша, -ыс, -ғы)


                                                                                    43
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50