Page 47 - 7.1.1
P. 47
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Жұрнақ special-edu.kz.
Жұрнақтар екі түрлі болады: сөз тудырушы жұр-
нақтар, сөз түрлендіруші жұрнақтар.
Сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады.
Мысалы, киім, өнім деген сөздер -ім жұрнағы ки,
өн сөздерінен туған. Сол сияқты аш, тол сөздерінен
-ық жұрнағы арқылы ашық, толық деген жаңа сөздер
жасалған.
Сөздің негізгі мағынасын өзгертпей, оған қосымша
мағына үстейтін жұрнақ сөз түрлендіруші жұрнақ
деп аталады.
Мысалы, қалашық, көлшік сөздерінің түбірлері
қала, көл дегендер: -шық, (шік) жұрнағы бұл түбір-
лердің мағынасын өзгертпеген. Ол тек қаланың, көлдің
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
кішкентай екендігін білдірерліктей ғана мағына үсте-
ген. Ақшыл, көкшіл деген тұлғалардағы -шыл, (-шіл)
жұрнағы да ақ, көк түстерінің (сынның) сәл солғын
екендігін білдіреді.
1-тапсырма. Оқып шық. Сөз тудырушы және сөз түрлен-
діруші жұрнақтарды анықтап, оларды екі бағанға көшір.
Қоныс. Інішек. Шайхана. Сандықша. Жазушы. Тө-
бешік. Шапқы. Бөлме. Жеңіс. Үлкендеу. Апай. Қуаныш.
Сүзбе. Білім. Жауын. Күркешік. Сайлаушы. Сөзшең. Жа-
тақхана. Тігінші. Құрылысшы. Ашуланшақ. Егеу. Егін-
дік. Жолдастық.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Үлгі: Сөз тудырушы Сөз түрлендіруші
жұрнақтар: жұрнақтар:
қон-ыс іні-шек
2-тапсырма. Мақалды есіңде сақтап, жатқа жаз. Қосымшалы
сөздердің жұрнақтарын анықтап, шартты белгімен сыз.
1. Таудай болса талабың, 2. Талапты елге нұр жауар,
Бағың болып жанамын. Талапсыз неме құр қалар.
45
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.