Page 39 - 7.1.1
P. 39
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Түбірлес сөздер special-edu.kz.
1-тапсырма. Төмендегі түбірлес сөздерді оқып, олардың ор-
тақ түбірлерін, жұрнақтарын үлгі бойынша дефис арқылы бөліп
көшір. Әрбір сөздің мағынасын анықта.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Үлгі: су-шы, ... , ... .
1. Сушы, сулық, сулы, сула, сула, сусыз, суар, суса,
сусын, суат, судай.
2. Балалы, балалық, балақай, балаша, баладай, ба-
лақан.
3. Орындық, орна, орналас, орында, орнат, орнық,
орынша.
4. Білім, білгіш, біліс, білдір, білімпаз, білімді.
Бір түбірден әртүрлі жұрнақ арқылы туынды сөздер
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
жасала береді. Ондай бір түбірден туған сөздер түбір-
лес сөздер деп аталады.
Мысалы: Білім, білгіш, біліс, білдір, білімпаз, білімді
сөздері біл деген түбірден әртүрлі жұрнақтар жалғану
арқылы жасалған. Бұлар түбірлес сөздер болады.
2-тапсырма. «Бер», «қал» сөздеріне төмендегі жұрнақтар-
ды қосып түбірлес сөздер жаса, оларды жаз.
Үлгі: бергіш, ... , ... .
Керекті жұрнақтар: -у, -ғыш, (-гіш), -дыр, ғыз, (-гіз),
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
-ым, (-ім), -ма, (-ме), -малы, -ын, (-ін), -ыс, (-іс), -ымды,
(-імді).
3-тапсырма. Төмендегі әр сөзге жұрнақтар арқылы түбірлес
сөздер тауып жаз.
Бас
Бөл
Өс
Үлгі: бас, басшы, ... , ... .
37
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.