Page 35 - 7.1.1
P. 35

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                     Туынды сөз жасайтын жұрнақтар                                               special-edu.kz.


                 1-тапсырма. Төмендегі сөздерге жақша ішіндегі жұрнақтар-
        дың тиістісін жалғап, туынды сөзге айналдырып жаз.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Бас. Көз. Бес. Жалт. Оң. Жылт (-тік, -ілдірік, -қ, -шы,
        -ыр, -ақ, -ғақ).


             Жұрнақ арқылы жасалған сөз туынды түбір (туын-
          ды сөз) деп аталады.
              Туынды түбір негізгі түбірден де, туынды түбірден
          де жасала береді.
             Мысалы: 1. Ауыздық, сұрау, көрме, үйші, қонақ,
          шегеле,  бүрме,  кеңіт,  бойшаң,  қуырдақ,  суат,  тер-
          шіл (негізгі түбірден жасалған)
              2. Қонақшыл, құрылыс, тергеуші, сезімтал, күл-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
          кішіл, егіншілік, толқымалы, бұрылыс, өнімді, өнім-
          паз (туынды түбірден жасалған).


              2-тапсырма.  Негізгі  түбірден  жасалған  туынды  сөздерді  бір
        бағанға, туынды түбірден жасалған туынды сөздерді екінші бағанға
        көшіріп жаз. Жұрнақтарды дефис арқылы ажырат.

            Үлгі:   ө-ріс                           тай-ға-нақ

            Тайғанақ.  Құрғақшылық.  Жинамалы.  Өріс.  Жатыр-
        қағыш.  Сүзгі.  Елеулі.  Ерлік.  Тапқыш.  Қызғаныш.  Сү-
        зеген. Тоқтышақ. Таныс. Ұтымды. Жасанды. Шығарма.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        Борасын.  Боран.  Өлшеуіш.  Түйіншек.  Зорлықшыл.  За-
        мандас. Етікшең. Шаруақор. Әуесқой. Жылауық.

              3-тапсырма.  Өлеңді  оқып,  көшіріп  жаз.  Қарамен  жазылған
        сөздің түбірін тауып, сыз.

                           Денсаулық – ол шыныққан
                           Барлық дене мүшесі.
                           Денсаулық – ол тыныққан
                           Жүйке тамыр жүйесі.

                                                                                    33
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40