Page 36 - 7.1.1
P. 36

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                   4-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздердің                      special-edu.kz.
             мағыналарын анықтап, олардың ішінен түбір сөздерді бір бөлек,
             туынды сөздердің жұрнағын дефиспен бөліп, екінші бөлек етіп жаз.

                 Үлгі: 1. Түбір сөздер: жігіт, жер, ... , ... .
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

                         2. Туынды сөздер: өнер-лі, оз-ар, соғ-ар, ... , ... .
                 1.  Өнерлі  жігіт  өрде  озар,  өнерсіз  жігіт  жер  соғар.

             2. Көреген басшы елді өсіреді, күшті майдан ерді өсіреді.
             3. Шын орақшы орақ таңдамайды. 4. Көпшіліктен бере-
             ке кетпес, берекелі жерден мереке кетпес. 5. Еліңді сүй-
             сең, ерлік істе. 6. Малдың жайын баққан білер, отынның
             жайын жаққан білер. 7. Білімсіз адамның сөзі білектей,
             білімді адамның сөзі жібектей. 8. Атты қамшымен айда-
             ма, жеммен айда.

 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                   5-тапсырма. Сөйлемдерді көшір. Сөздердегі жұрнақтың астын
             бір, жалғаудың астын екі сызықпен сыз.

                 1. Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. (А.)
             2. Тамырлықтың аяғы достыққа айналып, олар егін, пі-
             шен сияқты тіршіліктерде бір-біріне жәрдемдеседі. (С.М.)
             3. Ол кезде тасты қолмен ұсақтайтын, баялышпен өртей-
             тін, қимен қорытатын. 4. Жұмыстың жайын айтпастан
             бұрын сөзді амандықпен бастау керек. 5. Игілік жанжал-
             дың бітіммен тынуын тілейді, бірақ Жұмекең келісімге
             келетін емес. (Ғ.М.) 6. Әуелі даугер сөйлейді, содан кейін
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             айыпкердің сөзі тыңдалады. (М.Ә.)

                   6-тапсырма.  Жұмбақтың  шешуін  тауып,  қарамен  жазылған
             сөздерді дефис арқылы бөліп жаз.

                 Аяққа байлап ақ қарда
                 Құстай ұшып жөнейсің.
                 Жетпес шапқан аттар да,
                 Ал шешуін не дейсің?



             34
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41