Page 33 - 7.1.1
P. 33

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



              3-тапсырма.  Мәтінді  оқып,  мазмұнын  айтып  бер.  Мәтіннен                       special-edu.kz.
        түбір сөздерді теріп жаз.

                      Таза ауада демалған қандай тамаша!
            Біз жайлауда отырғанбыз. Әкем қой бағады. Апам үй
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        шаруасымен  айналысады.  Мен  әкеме  көмектесемін.  Бір
        күні қаладан апамның інісі Уәйіс келді. Өзі менімен түй-

        дей құрдас. Бірақ бойы менің бойымнан ұзын. Беті ап-
        пақ. Күн тимей көлеңкеде өскен шөп сияқты.
            Қазір Уәйіс екеуміз бірге қой бағып жүрміз. Бірде үй-
        ден қармақ ала шығып, тау етегіндегі ботаның мөлдіреп
        жатқан  көзіндей  көлден  балық  ауладық.  Бұл  көлде  ба-
        лықтың неше атасы бар. Айдында үйрек, қаз көп. Сәлден
        соң-ақ қармағымыз қаба бастады. Менің қармағыма сазан
        ілініпті. Ал Уәйіс қармағын мықшыңдап тартып, шолтаң
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        еткізіп  бір  шортанды  судан  алып  шықты.  Содан  кейін
        біраз әуреленіп қармақтан босатып, қолымен жоғары кө-
        теріп мәз болды. Тағы да біраз отырып, екеуміз төрт-бес
        сазан ұстадық. Содан соң шелекті қолға алып, тау бет-
        кейінде жайылып жүрген қойға қарай жүрдік.


              4-тапсырма. 1. «Қар» деген сөзге жалғаулар қосып, оны жақ-
        ша ішіндегі сұрақтардың орнына қойып жаз.

            Бүгін (не?) жауды. (Ненің?) жауғаны жақсы. Жер беті
        жаңа  (немен?)  тазарды.  Біз  (неден?)  ақ  қала  жасадық.
        Балалар (нені?) лақтырысып ойнады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

        2. «Қар» сөзіне жалғанған жалғаудың астын сыз.

            5-тапсырма. Жұмбақты көшіріп жаз, шешуін тап.

                             Күн нұрын далаға берді,
                             Дала оны гүлге берді.
                             Гүл оны араға берді,
                             Ара балын бізге берді.


                                                                                    31
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38