Page 29 - 7.1.1
P. 29

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                       Бітеу буын                                                special-edu.kz.


                 1-тапсырма.  Берілген  сөздерді  буынға  бөліп  жаз,  оларды
        түріне қарай ажыратып айт.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Жастық, жаңғақ, жапырақ, құндыз, білімпаз, жер, дер-
        мене, шымшық, ыстық, қасқыр, дәулет, жолдас, көпір,
        тышқан, бұтақ, көкжиек, серпер, жұмсақ, палуан.


             Ортасы  дауысты  болып,  екі  жағы  дауыссыздан
          құралған буын бітеу буын деп аталады.
             Мысалы:  жол,  жел,  тас,  жаз,  көл,  жер,  бел,  бес,
          тең, тон, қол деген сөздердің әрқайсысы – дауыссыз-
          дан басталып, дауыссызға біткен бітеу буынды сөздер.
               Жас-тық,  қас-қыр,  қап-шық,  көл-шік,  дәп-тер,
          жол-дас  деген  сөздердің  барлық  буындары  да  бітеу
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
          буын. Мысалға келтірген осы сөздердің әрбір буыны-
          ның  ортадағы  дыбысы  дауысты  болып,  екі  жағы  да-
          уыссыз дыбыспен тұйықталған.
             Бітеу буын төрт дыбыстан да құралуы мүмкін. Мұн-
          дай бітеу буынның соңғы екі дыбысы дауыссыз болып
          келеді. Оның ең соңғы дыбысы қатаң болып, оның ал-
          дында  үнді  дауыссыз  тұрады.  Мысалы:  қант,  бұлт,
          төрт, қарт.



              2-тапсырма.  Сөйлемдерді  көшіріп  жаз.  Қарамен  жазылған
        сөздерді буынға бөліп көрсет. Тұйық буынды сөздерді теріп жаз.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Құстар келді. Торғай шықылықтады. Қарға қарқылда-
        ды. Бұлбұл сайрады. Тоқылдақ шоқыды. Тырна тырау-
        лады. Бүркіт ұшты. Сауысқан қонды. Көкек шақырады.


              3-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыр.
            1. ... ойнады. 2. ... тазалады. 3. ... қонды. 4. ... отыр-
        ды. 5. ... басталды. 6. ... ұшты. 7. ... көрінді.

            Керекті сөздер: сабақ, құс, ұшақ, тау, бөбек, бала, ата.

                                                                                    27
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34