Page 135 - 7.3.1
P. 135

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                        Нағыз адам                                               special-edu.kz.

            Аптап,  қуаң  даладағы  жалғыз  үйдің  қасында  құдық
        бар. Бұл үйде атасы мен немересі тұрады.
            Құдық басындағы ұзын арқанға шелек байланған. Жо-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        лаушылар мен әрі-бері өткен кісілер құдыққа бұрылып,
        су ішеді. Атайға алғыстарын айтады.
            Бірде әлгі байлаулы арқан үзіліп кетті. Шелек терең
        құдықтың  түбінде  қалып  қойды.  Атайдың  одан  басқа

        шелегі  жоқ  еді.  Су  тартып  ішуге  басқа  ыдыс  табыл-
        мады.  Келесі  күні  таңертең  атайдың  үйіне  бір  арбалы
        шаруа келді. Арбадағы сабанның астында шелегі көрініп
        жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз жіберіп, атай мен
        немересіне  бір  қарады.  Атына  мініп,  әрі  қарай  жүріп
        кетті.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            – Бұл не қылған адам? – деп сұрады немересі атасынан.
            – Бұл адам емес, – деді атасы.

            Түске таман атайдың үйінің қасынан екінші жолаушы
        өтіп бара жатты. Ол арбасындағы сабанның астынан ше-
        легін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзі
        қанғанша ішіп, атай мен немересінің шөлін қандырды.
        Қалған суды құрғақ құмға төге салды да, шелегін қайта-
        дан сабан арасына салып, жүріп кетті.
            – Бұл не қылған адам? – деп сұрады немересі атасынан.
            – Мұны да әлі адам деуге болмайды, – деді атасы.
            Кешке  жақын  атайдың  үйінің  қасына  тағы  бір  кісі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        тоқтады. Ол арбасынан шелегін алып, арқанға байлады.
        Су тартып, сусынын қандырды. Содан соң алғысын ай-
        тып, жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында арқанға бай-

        ланған қалпында қала берді.
            – Бұл қандай адам? – деп сұрады немересі.
            –  Міне,  бұл  нағыз  адамның  өзі,  –  деп  жауап  берді
        атасы.




                                                                                   133
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140