Page 64 - 7.3.1
P. 64
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Сонда екінші жолаушы басын шайқап: special-edu.kz.
– Жоқ, мен олай ойламаймын, – дейді. – Бұл жазудың
мағынасы сіздің ойлағаныңыздан гөрі тереңірек болса ке-
рек. Бұл бұлақ кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанда
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
салқындатып, рақаттандырады. Сусағанның шөлін қан-
дырады. Ол үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса,
бұл «біреуге біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды
ешкімге міндет етпе» деген ақыл болады.
Жолаушының үшіншісі – көркем жас жігіт үндемей
тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» – деп сұрады.
Жігіт айтты:
– Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді. Бұл бұлақтың
суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-
қоқым болса, бұған адамнан гөрі айуан ынтық болар еді.
Бұлақ күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
адам ынтық. Олай болса, бұл жазудың мағынасы мынау:
көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта. Бұлаққа
қарасаң: Күн түссе, Күннің, шөп түссе, шөптің сәулесін
көреміз. Ендеше көңілің сол сияқты сыртқа ашық көрініп
тұрсын дегені ме деймін, – депті.
1. Әңгімені рөлге бөліп оқы. Мәтіндегі қарамен жазылған
сөйлемді тауып, осы сөйлем туралы өз ойыңды жеткіз.
2. Үш жолаушы қай жерде бір-біріне кез болды?
3. Олар тастан қандай жазуды оқыды?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Тастағы жазуды әрқайсысы қалай түсінді?
1. Үш жолаушының бұлақ басындағы жазу туралы ойларын
оқы.
2. Қай жолаушының сөзі дұрыс деп ойлайсың?
1. Мәтіннен бұлақ сипатталған жолдарды тауып оқы. Сурет-
ке мұқият зер салып қара.
2. Суретте нелер бейнеленген? Бұлақ қандай жерден шығып жа-
тыр?
62
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.