Page 59 - 7.3.1
P. 59
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Әке мен бала special-edu.kz.
Бір адам он жасар баласын ертіп егіннен жаяу келе
жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, бала-
сына айтты:
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Анау тағаны, балам, ала жүр, – деп.
Бала әкесіне:
– Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, – деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қа-
ланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен
соң, әкесі қайырылып, тағаны соларға үш тиынға сатты.
Одан біраз жер өткен соң шие сатып отырғандардан ол үш
тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені ора-
малына түйіп, шетінен өзі бір-бірден алып жеп, баласына
қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің
қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
да қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан
жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие,
одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір
әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп жерден
алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып:
– Көрдің бе, тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп
көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге
түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің.
Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң –
көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең –
көптен де құр боласың, – деді.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
таға – аттың тұяғына қағылатын темірден жасалған
бұйым
1. Әңгімені түсініп оқы.
2. «Аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың,
азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың» дегенді қалай
түсінесің? Мұғалімнің көмегімен, сыныптастарыңмен талда.
3. Әке мен бала жолдан не тауып алды?
4. Тағаны әкесі кімге сатты?
57
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.