Page 58 - 7.3.1
P. 58
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Ананың сүюі special-edu.kz.
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Куанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Білім іздеп, тез қайтпай көпке кетсең?
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
түн ұйқысын төрт бөлу – түнді ұйықтамай өткізу
кірпік қақпау – ұйықтамады, көз жұмбады
көз жасын көлдетету – ағыл-тегіл жылады
жұлдыз сайын – күн сайын
төбесі көкке жету – қатты қуанды
1. Өлеңді түсініп, дауыстап оқы.
Ананың баласына деген қамқорлығын өлең жолдарынан
тауып, айт (қуанып, ... , ... , ...).
2. Өлеңде кім жайлы айтылған?
3. Өлеңнің аты неліктен «Ананың сүюі» деп аталады?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Ақын ананың баласына деген махаббатын қандай сөздер
арқылы жырлаған?
1. Өлеңнің екінші, үшінші шумақтарын дауыстап оқы.
Мұғалімнің көмегімен теңеу сөзді тап.
2. Өлеңнің басты кейіпкері кім?
3. Сені анаң үйде қалай еркелетеді?
1. Өлеңнің екінші шумағын оқып бер.
2. Кім сендерді еркелетіп, ойнатып сергітеді?
56
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.