Page 57 - 7.3.1
P. 57
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Атымтай жомарт special-edu.kz.
Атымтай жомарт өзi есепсiз бай болып өмір сүріпті.
Күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киеді екен.
Сосын отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады. Бiр күнi
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
өзiнiң жақын таныстары:
– Жомарт, Құдай берген дәулетiңiз бар, ашқа тамақ,
жалаңашқа киiм бердіңіз, үйсiздерге үй болдыңыз. Сөйте
тұрып өз басыңызды кемшiлiкке саласыз. Жете алмаған
жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы
не? – деп сұрапты.
Жомарт айтты дейдi:
– Төрт түрлi себеп бар. Біріншісi: әдемi ат, асыл киiм,
асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi.
Сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшара-
лардан жирендім. Көз салмай, кем-кетiкке жәрдем беру-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
дi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып
мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлсін
деймін. Кейiнгiлер үлгі алсын деймiн. Үшiншiсi: күн са-
йын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi теңгеге нан сатып алып
жеймін. Бойыма сол тамақ болып тарайды. Еңбекпен та-
былған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiн-
шiсi: Құдайдың берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орында-
рына жаратпаймын. Көбiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам,
мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi.
жомарт – қолы ашық, еш нәрсесін аямай беретін адам
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Әңгімені жүгіртіп оқы. Жомарттық пен сараңдықтың
айырмашылықтарын айтып бер. Салыстыр. Мысал келтір.
2. Атымтай жомарттығының себептері неде? Мәтіннен тауып оқы.
3. Сен бай болсаң не істер едің?
1. Таныстарының Атымтай жомартқа қойған сұрағын оқы.
2. Кейіпкерді неге жомарт деп атады? Түсіндір.
3. Сенің сыныбыңда жомарт балалар бар ма?
1. Мәтіннен Атымтайдың үшінші айтқан себебін оқы.
2. Еңбекпен табылған дәм қандай болады?
55
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.