Page 55 - 7.3.1
P. 55
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Біз ер едік special-edu.kz.
(өлеңнен үзінді)
Біз ер едік, ер едік,
Ен Нарында жүргенде.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Қалмаққа шатыс хандарды,
Қабыландай қайранға соғып,
Етін талай жеп едік.
Біз Өтемістен туған он едік,
Сол онымыз жүргенде,
Мың сан әскер қол едік.
Біздің жайды сұрасаң,
Ерте көшіп, кеш қонған,
Санаулы сәнді орданың бірі едік.
1. Өлеңді іштей оқы. Ер, ерлік деген қасиеттерге мысал келтір.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Өлеңде ақынның қандай қасиеті, сезімі байқалады?
3. Батырдың бойында тағы қандай қасиеттер болу керек деп
ойлайсың?
4. Өтемістен туған он ағайындыны неге теңейді? Мәтіннен тауып оқы.
5. Суреттегі бейне өлеңнің қай жолдарына сәйкес келеді? Та-
уып оқы.
1. Өлеңді мәнерлеп оқы. Төмендегі өлең жолдарын мұқият оқы.
Біз Өтемістен туған он едік,
Сол онымыз жүргенде,
Мың сан әскер қол едік.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Өлеңде «Мың сан әскер қол едік» деп нені айтып тұр?
3. Өлеңді оқығанда қандай сезімде болдың? Әңгімелеп бер.
4. Өлең кім туралы?
5. Неге өлең «Біз ер едік» деп аталады?
6. Ер болу үшін қандай болу керек?
1. Соңғы шумақты оқы.
2. Өтеміс деген кім?
3. Ақын туған ағайындарын неге теңеп тұр?
53
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.