Page 54 - 7.3.1
P. 54

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                             Қызғыш құс                                          special-edu.kz.

                 Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
                 Қанатың қатты, мойның бос.
                 Исатайдан айырылып,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 Жалғыздықпен болдым дос.

                 Көл қорыған сен едің,
                 Сен де айырылдың көліңнен.
                 Ел қорыған мен едім,
                 Мен де айырылдым елімнен.

                 Сені көлден айырған –
                 Лашын құстың текпіні.
                 Мені елден айырған –
                 Хан Жәңгірдің екпіні.

                 Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 Айтып-айтпай немене?!
                 Құсалықпен өтті ғой,
                 Махамбеттің көп күні!


                     қызғыш құс – көлде мекендейтін құстың түрі
                     құсалықпен – уайымға бату деген мағынада


                        1. Өлеңді мәнерлеп оқы. Тыныс белгілеріне мән бер.
                     Өлеңнің көңіл күйін анықта.
                 2. Ақын өз тағдыры мен табиғат құбылыстарын қалай салысты-
                 рып суреттеген?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 3. Жауынгер ақынның батырлық бейнесін, рухын қандай өлең
                 жолдарынан көреміз?
                 4. Қызғыш құсты көлінен айырған не? Мәтіннен тауып оқы.

                     1. Өлеңді іштей оқы. Оның сезімі мен көңіл күйін сипаттау
                 үшін сәйкес сөздерді тап: жабырқау, мұңды, көңілі жүдеу, қуа-
                 нышты көңіл күй.
                 2. Махамбет кімнен айырылды?
                 3. Махамбет немен дос болды?
                     1. Өлеңнің бірінші, екінші шумақтарын оқы.
                 2. Өлеңдегі негізгі кейіпкерлер кім?

             52
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59