Page 56 - 7.3.1
P. 56
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Ыбырай Алтынсарин special-edu.kz.
(1841–1889)
Ыбырай Алтынсарин – қазақтың
алғашқы ағартушы-ұстазы, ақын, жазушы,
special-edu.kz.
special-edu.kz. жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облы- special-edu.kz.
қазақ балалар әдебиетінің атасы. 1841
сының, Затобол ауданында туған. Әкесі Ал-
тынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғо-
жаның бауырында өседі. Ыбырай Алтынсарин сауатын
мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды.
1850 жылы Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне
түседі. Атасы Балғожа Орынборда оқып жүрген жасөспірім
Ыбырайға жолдаған өлең-хатында былай деген:
Үміт еткен көзімнің нұры – балам,
Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған...
Ынталы да зерек болып, мектепті 1857 жылы үздік
бітіріп шығады. Өзінің алған білім нұрын халқына
шашқысы келіп, мектеп ашуды армандайды. Алтынсарин
өз халқын білім нәрімен сусындатып, көкірек көзін ашу-
ды мақсат етеді. Сөйтіп өмірінің арманы болған мектебін
1864 жылы ашады. Сонымен қатар ол балаларға арналған
әртүрлі тақырыпта көптеген өлең, шағын әңгімелер жаза-
ды. Орыс әдебиетінен балаларға лайық көркем шығарма-
ны аударады. Сол көркем шығармалардың бәрінде де ол
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
балаларға білім, тәрбие, үлгі-өнеге беруді көздеді.
Ол қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі –
оқулық деп қараған. 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясын»
басып шығарды.
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
2. Ыбырай Алтынсариннің қандай мақсаты болды?
3. Оның өлеңдері мен әңгімелері қандай тақырыпта жазылды?
4. Ұстаздың қазақ балаларын оқуға шақырған кітабын ата.
54
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.