Page 65 - 7.3.1
P. 65
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Абай Құнанбаев special-edu.kz.
(1845–1904)
Абай Құнанбаев – белгілі қазақ ақы-
ны, ойшылы, қазақ ұлттық жазба әдебие-
special-edu.kz.
special-edu.kz. тінің негізін қалаушы. Абай (Ибрагим) special-edu.kz.
Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда (қазір-
гі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауда-
нында) туған. Әкесі Құнанбай Өскенбай-
ұлы аға сұлтан болған адам. Бала Абайды ақылды анасы
Ұлжан мен әжесі Зере тәрбиелеген.
Абай алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашқан.
Одан әрі он жасар Абай Семей қаласындағы Ахмет-Риза
медресесінде оқыды. Өзінің ерекше талабының арқасын-
да Абай оқуда үлкен жетістіктерге жетті.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол
ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды араластырды.
Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейді.
Балалықтан да ерте айырылды. Жастайынан ел ішіндегі
әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ сал-
ды. Өзінің ерекше дарынымен бойына сіңіре білді.
Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы – «Қан-
сонарда». Сонымен қатар «Масғұт», «Ескендір», «Әзім
әңгімесі» атты поэмалары бар.
Қысқа өлеңдерінде табиғат туралы «Күз», «Қыс»,
«Жазғытұры», «Жаз». «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Әсем-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
паз болма әрнеге» өлеңдерінде адамдардың қылық-қасиет-
терін, мінездерін айқын суреттеген. Жастарды оқуға,
білімге қол созуға шақырған өлеңі – «Ғылым таппай
мақтанба». Елдің береке, бірлігі туралы «Берекелі болса
ел...» тағы басқа көптеген өлеңдері бар.
1. Абай Құнанбаев қай жерде, қашан дүниеге келген?
2. Бала Абайды кімдер тәрбиеледі?
3. Ақынның қандай өлеңдерін білесің?
63
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.