Page 70 - 7.3.1
P. 70

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



             деп  аузыма  салсам,  бәрі  меруерт  екен.  Өмірімде  содан                         special-edu.kz.
             қатты ренжіген емеспін. Қайтерімді білмей, қасымдағы
             дөңкиген құмға қарасам, құмнан бір киімнің етегі шығып
             жатыр екен. Құмды ашсам, өзін-өзі құмға көміп, өлерінде
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             алдындағы тақырға таяғымен мынаны жазыпты: «Азық-
             сыз  аш  адамға  ат  басындай  алтыннан  түк  пайда  жоқ.
             Менің бір кесе меруертім, белбеуімдегі жүз ділдам мені
             бір шақырым жердегі мөлдір бұлақ пен жемісті ағашқа
             жеткізе алмады. Аштан өлдім. Мені сол бұлақтың басына
             көміңдер. Моланың басына не тас, не тақтайға: «Азықсыз
             аш адамға алтынның пайдасы жоқ» деп жазып қойыңдар.
             Жазған  адамға  осы  меруертім  де,  ділдаларым  да  адал
             болсын» деген екен. Бір шақырымда су барын білгенде,
             жаным кіріп, бар қуатымды жинап алдым. Ақырындап
             келсем, мені тастап кеткен керуен сол бұлақта тынығып
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             жатыр екен. Керуенге келіп тамақтанып, көлік, жұмыс-
             шы жалдап, әлгі өлікті жерледік. Бұлақ басына қойған
             тасқа:  «Азықсыз  аш  адамға  ат  басындай  алтыннан  түк
             пайда жоқ» деп жаздық. Жүз ділдасын қызмет қылған
             адамдарға, көліктердің ақысына беріп, бір кесе меруертті
             керуендегілерге үлестірдік, – депті.

                     меруерт – бағалы тас
                     тақыр – тегіс, қатты жер
                     ділда – алтын ақша


 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                        1. Әңгімені оқы. Тасқа жазылған сөз туралы өз ойыңды
                     айт. Сұрақтарға жауап бер.
                 2. Әңгіме неге «Бір кесе меруерт» деп аталған?
                 3. Қарияға күш-қуат берген не болды?

                     1. Әңгімеден қарияның қатты қуанып, ренжіген сәтін тауып оқы.
                 2. Ол неге сонша қуандым деді?
                 3. Өмірінде не нәрсеге қатты ренжіді?

                     1. Қарияның жауабын мәтіннен тауып оқы.
                 2. Әңгіменің басында қарияға қандай сұрақ қойылды?


             68
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75