Page 72 - 7.3.1
P. 72
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Өсиет special-edu.kz.
Әкесі өлерінің алдында баласына өсиет айтты: «Жақ-
сы жүр, ешкімге жалынба, бөтен біреу саған жалынатын
болсын. Және де ішкен тамағың тәтті көрінетін болсын,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
сонда бай боларсың», – деп. Әкесі дүниеден қайтты. Ба-
ласы әкесі айтқан қалпында ешкімге жалынбай, жақсы
тамақ ішіп, жақсы киім киіп жүреді. Бірақ кедей болып
қала берді. Бір күні ол туған ағасына барып, әкесінің
қалдырған өсиетін айтты. Сонда ағасы:
– Сен әкемнің айтқан өсиетін түсінбеген екенсің.
Сен жұмысқа ерте шық, сонда сен біреуге жалынбай-
сың, саған біреу жалынады. Жұмыстан кеш қайт, сонда
саған ішкен тамағың тәтті көрінеді, бай боласың, – деді
Сонда баласы әкесінің айтқан өсиетін түсініп, оны орын-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
дап, жақсы тұра бастады.
өсиет – ақыл, кеңес
1. Әңгімені түсініп оқы. Бала өсиетті орындамаған жағда-
ятты болжап, әңгіменің соңын өзгертіп айт.
2. Әкесі баласына қандай өсиет айтты?
3. Ағасы әке өсиетін балаға қалай түсіндірді?
4. Әңгіменің тақырыбына сәйкес мақал білесің бе?
1. Мәтіннен әке өсиетін тауып оқы. Әңгіменің негізгі ойын
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
мұғалімнің көмегімен анықта.
2. Неге әңгіме «Өсиет» деп аталған?
3. Баласы әкесінің өсиетін қалай орындады?
4. Сен бай, жақсы тұру үшін не істер едің?
1. Бірінші абзацты оқы. Әңгіме кейіпкерлерін ата.
2. «Өсиет» дегеніміз не?
3. Неге әңгіме «Өсиет» деп аталады?
4. Ата-анаң, мұғалім саған қандай өсиет айтады?
5. Сол өсиеттерді орындайсың ба?
70
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.