Page 75 - 7.3.1
P. 75

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                  Атасы мен немересі                                             special-edu.kz.

            Ата  қартайып,  күші  азаяды:  нашар  көретін,  нашар
        еститін болады. Ішкен тамағын алдына төгетін болады. Не
        үшін десеңіз, оның аяқ-қолы кәріліктен қалтыраушы еді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Бір күні шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады.
        Олар шалға тамақты өзінің алдына жеке ыдысқа құйып
        бөлек беретін болды.
            Ата-анасының  бұл  қылықтарын  бала  мұқият  қарап
        жүрді. Өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата
        алмай, бір күні бір ағашты жонып отырады. Әкесі көріп:
        «Шырығым, не ғып жатырсың?» – дейді. Сонда баласы:
        «Ыдыс-аяқ істеп жатырмын. Шешем екеуің қартайғанда,
        сендерге де тамақты осы аяққа құйып беремін», – дейді.
            Бұл сөзді естіп, шалдың баласы мен келіні ұялып қал-
        ды. Олар әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қойды. Өз
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        қателіктерін түсінген қарияның балалары жасаған істері-
        не қатты өкінді. Қариядан кешірім сұрады.



                   1. Әңгімені дауыстап, түсініп оқы. Баланың әрекеті басқа-
                ша болғанын болжап, әңгімені өзгерт.
            2. Әкесі мен шешесі неге баласынан ұялды?
            3. Олар атасына қалай көңіл бөлетін болды?
            4. «Әке мен бала» әңгімесі саған не үйретті?
            5. Әңгімеден қандай тәрбие алуға болады?


                 1.Бірінші  абзацты  оқы.  Әңгімедегі  кәріліктің  сипаттама-
            сынан басқа белгілерді атап, өз сөзіңмен толықтыр.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            2. Әке мен бала сөзінде не айтылған?
            3. Немересінің неге атасына жаны ашыды?
            4. Өз атаңды қалай құрметтейсің?


                 1.  Әңгімені  мұқият  тыңда.  Баланың  әке-шешесіне  айтқан
            сөздерді оқы.
            2. Онда кім туралы айтылған?
            3. Әке-шешесінің әрекеті дұрыс деп ойлайсың ба?
            4. Сен қартайған әке-шешеңді қалай бағып күтесің?
            5. Баланың орнында сен не істер едің?



                                                                                     73
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80