Page 77 - 7.3.1
P. 77
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Жаңа тілек special-edu.kz.
(өлеңнен үзінді)
Жұрт болудың ойланайық амалын,
Қамсыз жатар емес енді заманың.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Надандықтың қиратайық қамалын,
Мақсатыңа ұмтыл, оян, Алашым!
Өз қамыңды ойлан өзің ел болсаң,
Ел боламын, тең боламын дер болсаң.
Көктен теңдік келмес өзің кем болсаң,
Мең-зең болмай, талпын, оян, Алашым!
Ұшқан құстай, суда жүзген балықтай,
Табиғатты қолданушы халықтай.
Сен де енді сергісейші жалықпай,
Жүргеніңше жаяу, оян, Алашым!
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
надандық – білімсіздік
Алаш – қазақ елі
сергу – ояну, белсенді болу
1. Өлеңді мәнерлеп оқы. Ақын өлеңде айтқан тілектерді
тауып оқы.
2. Өлең неге «Жаңа тілек» деп аталады?
3. Автор ненің қамалын қиратуды ұсынады?
4. Алашым деп кімді атайды?
5. Міржақып Дулатовтың тағы қандай шығармаларын білесің?
Есіңе түсір.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Мұқият тыңда. Қарамен жазылған өлең жолдарының оқу
интонациясына мән бер (мұғалім оқиды).
2. Өлеңдегі тілектер қандай көңіл күймен айтылған? Екінші
шумақты дәл осы көңіл күймен оқып бер.
3. «Тілек» деп ақын не айтқысы келді?
4. Автор «Оян, Алашым!» деп неге шақырды?
1. Өлеңнің үшінші шумағын оқы. Тақтадағы өлең жолдарын
кітапқа қарап толықтыр.
2. Ақын білімсіз халқын қандай сөзбен сипаттады?
3. «Надан» қандай мағынаны білдіреді?
75
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.