Page 71 - 7.3.1
P. 71
special-edu.kz.
special-edu.kz.
XX ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ special-edu.kz.
Спандияр Көбеев
(1878–1956)
Спандияр Көбеев – қазақ жазушысы,
special-edu.kz.
special-edu.kz. қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек special-edu.kz.
сіңірген мұғалімі. Спандияр Көбеев 1878
жылы Қостанай облысы, Ақсуат ауылында
туған. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл,
тек қолөнерiмен күн көрді. Әке-шешесiнiң
үлгі-тәрбиесi болашақ жазушының мiнез-
құлқының қалыптасуына ықпал етті.
Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған ауылдық мектепте
сауатын ашты. Кейін Қостанай қаласындағы мұғалімдер
даярлайтын курсты бітірді. Спандияр ұстазы сияқты ха-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
лыққа пайдалы азамат болуды, өз білімін елін ағартуға
жұмсауды армандады. Сол үшін өмірінің соңына дейінгі
55 жылын ұстаздық қызметке жұмсады.
Мұғалімдік қызметінің алғашқы жылдарында И. А. Кры-
ловтың мысалдарын аударып, сабақтарында пайдалана-
ды. Жиналып, өңделген шығармалары 1910 жылы Уфа
қаласында «Үлгілі тәржіма» деген атпен басылып шыға-
ды. Ұстазы Ы. Алтынсариннің ізімен балаларға арналған
оқу құралын жазуды қолға алды. С. Көбеев 1912 жылы
Қазан қаласында «Үлгілі бала» кітабын бастырады. Ағар-
ту қызметіне арнаған өмірін «Орындалған арман» өмірба-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
яндық кітабында жазды.
1. С.Көбеев туралы не білдіңдер?
2. Ол кімдерден тәрбие алған?
3. С. Көбеевтің арман-тілегі орындалды ма?
4. Өз сабақтарында қандай шығармаларды пайдаланды?
5. С. Көбеевтің еңбектерін атап шық.
69
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.