Page 5 - 7.3.3
P. 5

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


                                     АЛҒЫ СӨЗ

             Оқу-әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасына сәйкес,
           жаңартылған оқу бағдарламаның мазмұнына, оқушылардың
           сөйлеу  тілін  дамытуға,  осы  санаттағы  оқушылардың
           танымдық белсенділігінің ерекшеліктерін ескере отырып
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           әзірленген.  Оның  құрамына  оқулық,  жұмыс  дәптері,
           технологиялық  карта,  күнтізбелік  жоспар,  күнтізбелік
           жоспардың мақсаттары (оқушылардың деңгейлері бойынша)
           және әдістемелік құрал кіреді.
             ОӘК кез келген жағдайда оқушыларды оқыту ұйымдарында
           қолданылуы тиіс: арнайы мектепте, жалпы білім беретін
           мектептегі арнайы сыныпта, инклюзивті білім беру шартын-
           дағы жалпы сыныпта.
             Білім беру мен түзету мәселелерін шешуде оқыту құрал-
           дарымен қатар оқулық пен жұмыс дәптері де маңызды орын
           алады. Бұл жағдайда мұғалім оқулық пен жұмыс дәптерін
           қолданудағы шектеулікті, оқушылардың таным қабілетінің
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жеткіліксіздігін,  ұсақ  маториканың  жетіспеуін  дамытады,
           сабақ барысында және сабақтан тыс кезінде оқушылар өздік
           жұмысты орындауға дағдыланады.
             Зерде  даму  бұзылыстары  бар  мектеп  оқушыларында
           мәтіннің мазмұнын түсінуге қажетті абстракция мен жалпылау
           қабілетінің төмендеуі байқалады. Ойлау қызметінің төмен
           деңгейі, жалпы сөйлеу тілі дамуының ерекшелігі практикалық
           әрекеттен ақыл-ойына көшуді қиындатады. Сондықтан оқу
           үдерісінде әртүрлі айқын құралдарды пайдалану қажет. Бұл
           жағдайда мұғалім оқушылардың сақталған қабілетіне сүйене
           отырып, затты, сюжетті, топтамалық суреттерді көрсетіп, кеңі-
           нен қолдана отырып алдын ала әңгімеге бағыттайды, әң-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           гіменің мазмұнын ашуға көмектеседі.
             Жұмыс дәптері үйренген білімді бекіту мақсатында са-
           бақтың соңғы сатысында, өздік жұмысты орындау барысында
           қолданылады. Әдістемелік нұсқаулықта мұғалімдерге оқу
           және сөйлеу тіліне арналған оқу үдерісін жоспарлау, сондай-


                                                                           3
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10