Page 8 - 7.3.3
P. 8

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           оқушылардың жетістіктерін белгілеп отырады. Деңгейден-
           деңгейге  ауысуына  көмектеседі.  Балалардан  бүкіл  жат-
           тығуларды  орындау  талап  етілмейді.  Баланың  деңгейін
           анықтай отырып, тапсырмаларды ауыстырып беру керек.
           Оқулықтағы және дәптердегі берілген кейбір тапсырмалар
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           мұғаліммен бірлесе отырып орындалады.
              Жұмыс дәптері әр оқушының оқу үдерісін меңгерудегі
           табыстылығын белгілеу үшін жетістіктер карталарын қам-
           тиды. Бекіту мен қайталаудан кейін, сабақ уақытында білім
           мен дағдыны бақылау жүзеге асады. Сіз сондай-ақ, әрбір
           тақырып бойынша оқушының барлық іс-әрекеттерін мұқият
           бақылап  талдай  отырып  оның  жетістігіне  баға  бересіз.
           Мұғалім осы бағаға сүйеніп өзіндік дәптеріне оқушының
           материалды игерудің қол жеткізген деңгейін талдай отырып
           басқа деңгейге ауысуына мүмкіндік жасайды.
              Оқу жылының соңында мұғалімнің сынып оқушыларына
           арнап бастаған дәптері, оқулыққа берілген жұмыс дәптері
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           және жетістіктер картасы оқушылардың портфолиосын жа-
           сайды. Бұл материалдар әрбір оқушыға сабақта жеке көмек
           көрсетуге,  сондай-ақ,  оқу  жылының  соңында  объективті
           педагогикалық мінездеме жасауға көмектеседі.


            Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға оқу және тіл
                      дамыту әдістемесінің ерекшеліктері


              Оқу жоспарының мазмұнына сәйкес бесінші сыныптан
           бастап оқу және тіл дамыту бойынша келесі міндеттер қа-
           растырылады:
              а) балалардың ұғымына лайықты мәтіндерді дауыстап
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           және іштей оқу, оқыған шығармаларды саналы түрде түсіну
           дағдыларын қалыптастырып жетілдіру;
              ә) адамдардың еңбегін, достық қарым-қатынасын, бейбіт-
           шілік жолындағы қызметі туралы мәліметтерді толықты-
           рып жалпылау;


           6
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13