Page 7 - 7.3.3
P. 7

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


             Оқушының тапсырмасының күрделілігі сіздің оның же-
           тістігін  байқауыңызға  байланысты  таңдалады.  Есіңізде
           болсын,  кез  келген  оқушы  тапсырмалардың  күрделілік
           деңгейінің барлығына қол жеткізе алмайды. Оқушы өзінің
           қабілетіне қарай, мысалы, бірінші деңгейдегі күрделіліктің
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           материалымен ғана жұмыс істеуге құқылы. Жұмыс дәптері
           оқулықтың  мазмұнын  толықтырады  және  оқушы  жұмыс
           дәптерімен әр сабақта жеке жұмыс жасайды.
             Сыныпта жұмыс дәптерімен жұмысты басқа оқушылар-
           дан кейін бастайтын оқушылар да болуы мүмкін. Оларға
           жұмыс дәптерімен жұмысқа дайын болған кезде ғана кірісуге
           мүмкіндік беру керек.
             Зерде даму бұзылыстары бар оқушы өзі үшін қолжетімді
           жазу жұмыстарын ғана (түбір сөзге қосымша жалғау арқылы
           жаңа сөз жасап, мағынасын түсіндіру, сөйлем құрастыру;
           сөйлемді толықтыру, суретке қарап әңгіме құрастыру т.б.)
           орындауына болады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Оқушының дәптерге деген графикалық қызметі заттық-
           практикалық жағын толықтырып қана қоймай, сонымен қатар
           кейін торкөзді дәптермен жұмыс жасауға да дайындайды.
             Мазмұны  оқушыларға  қиын,  күрделі  тақырыптардың
           соңында білімін қайталауға, жүйелеуге арналған тапсыр-
           малар берілген және зейінін қалыптастыру, талдау, жинақтау
           әрекетіне, салыстыруға, көрнекілікті үйлестіруге, өзін-өзі
           бақылауды дамытуға жағдай жасалады. Мысалы, «Халық
           ауыз  әдебиеті»  тарауындағы  шешендік  сөздер  жанрын
           өткенде, оқушылардың қабылдау ерекшелігіне байланысты
           олардың білімін сызбамен жүйелейміз. (19-бет).
             Оқу жылының соңғы тоқсанында бөлімдер мен тақырып-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           тарды  өздік  жұмыстарының  қорытындыларын,  жеткен
           жетістіктерін сараптама үлгісінде папкаға жинаңыз. Мыса-
           лы, жылдың басында мұғалім әр оқушының оқу дағдысын
           тексеріп, арнайы дәптерге толтырады. Әр тоқсан соңында


                                                                           5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12