Page 132 - 7.5.1
P. 132

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                 Бақша дақылдарының жемісі басты сабақта қалыпта-                                special-edu.kz.
             сады. Олар шілденің аяғында, тамыздың басында піседі.
             Қарбыз бен қауынды піскеніне қарай жинайды. Қарбыз-
             дардың піскен жемісінің суреті айқын, жеміс сабағы қу-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             рап  қалады.  Қарбызды  саусақпен  шерткенде,  сыңғыр-
             лаған дыбыс шығады.  Қауын  жемісінің піскенін қабығы-

             ның түсі мен суреті және хош иісі бойынша анықтайды.
             Сырты  зақымдалмаған  бақша  дақылдары  құрғақ  және
             жылы жерде ұзақ уақыт сақталады.
                 Бақша дақылдарын – қарбыз бен қауынды тағамдық,
             малазықтық  және  техникалық  мақсатта  өсіреді.  Қар-
             быз бен қауынның жемістері шырынды, тәтті және хош
             иісті,  сонымен  бірге  олардың  құрамында  адам  ағзасы
             үшін маңызды дәрумендер, қоректі заттар бар. Олардан
             қақ,  тосап,  бал  және  т.б.  басқа  дәмділер  дайындайды.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             Қарбыздың  емдік  қасиеті  бар.  Ол  адамның  бауырын,
             бүйрегін тазартады, ағзадағы зат алмасуын реттейді.



                   Қарбыз бен қауын – біржылдық бақша дақылдары. Асқа-
               бақ тұқымдастарына жатады. Адамдар оларды тағамдық мал-
               азықтық және техникалық мақсатта өсіреді.




                       Бақша. Бақша дақылдары. Асқабақ тұқымдастар.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                       1. Сен сабақта қандай өсімдіктермен таныстың?
                       2. Олар қайда өседі?
                       3. Қарбыз  бен  қауынның  асқабақ  тұқымдастары  ретінде
                       қандай белгілері бар?
                       4. Қарбыз бен қауынды өсіру үшін қандай жағдайлар қажет?
                       5. Адамдар бұл өсімдіктерді не үшін өсіреді?


                      Жұмыс дәптеріндегі № 148, 149-тапсырмаларды орында.





             130
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137