Page 127 - 7.5.1
P. 127
special-edu.kz.
special-edu.kz.
пақ, жүйкесі параллельді. Жапырақтары мен собықтары special-edu.kz.
ұсақ талшықтармен жабылған, ол өсімдікті Күн сәулесі-
нен қорғайды.
Жүгерінің аталық және аналық гүлшоғыры бір өсімдік-
те, бірақ оның әртүрлі бөліктерінде орналасады. Аталық
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
гүлшоғыры сыпыртқыгүлге жинақталады, ол масақшалар-
дан құралады. Жүгерінің аталығы собығының ұшында, ал
аналық гүлшоғыры собық жапырақ қолтығында орналаса-
ды. Собықтың сыртында жапырақ текті бірнеше қабат ора-
мы болады. Аналық гүлдің әрбір түйінінен жоғары жағын-
да шашақ өседі. Гүлдеу кезінде бұлар жібек шашаққа
ұқсап, собықтың орамынан сыртқа шығады және тозаңды
қабылдап алады. Сөйтіп, жүгері айқас тозаңданады. Оның
жемісі – дәнек. Жүгерінің дәнегі сары, ірі және тәтті.
Жүгерінің барлық бөліктері шаруашылықта пайдала-
нылады. Піскен дәндерінен ұн, жарма, крахмал және май
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
алады. Барлық бала жүгері таяқшаларын, қауызын, поп-
корнды жақсы көреді. Піспеген собықтары, сабағы ауыл-
шаруашылық малдарына арналған ең жақсы азықтың бірі
болып табылады. Фабрикаларда жүгерінің жапырақта-
рынан қағаз, қатырмақағаз, жасанды жібек алады.
Жүгері жылылықты, жарықты, құнарлы топырақ пен
ылғалдылықты жақсы көреді. Сондықтан оны топырақ
жылынған кезде себеді. Өскіндері бір аптадан кейін пайда
болады. Олар жылдам өсіп дамиды.
Астық тұқымдасты дәнді дақылдардың гүлінің, жемісінің,
собығының, жапырағы мен тамырының құрылысы ұқсас. Бірақ
олардың тіршілік ету жағдайына талаптары әртүрлі. Адамдар осы
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
дақылдарды өсіре отырып, өздері үшін көптеген қоректі заттар мен
мал азығын алады.
1. Астық тұқымдас дәнді дақылдардың даражарнақты
өсімдік екенін дәлелде.
2. Жаздық дақылдардың күздік дақылдардан қандай айыр-
машылықтары бар?
3. Қарабидайдың, арпаның, сұлының, жүгерінің бидайдан
қандай айырмашылығы бар?
4. Адам не үшін астық тұқымдас дәнді дақылдарды өсіреді?
Жұмыс дәптеріндегі № 142, 143, 144-тапсырмаларды орында.
125
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.