Page 72 - 7.5.1
P. 72
special-edu.kz.
special-edu.kz.
31. Қалпақшалы саңырауқұлақтар special-edu.kz.
Сен саңырауқұлақтарды дүкеннен немесе суреттен
көрген боларсың. Саңырауқұлақ деген не? Саңырауқұ-
лақ – бұл тірі ағза. Олар дүниеге келеді, тыныс алады,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
қоректенеді, көбейеді және өледі. «Саңырауқұлақ» сөзін
естігенде, қолшатырға ұқсаған саңырауқұлақ көз алдыңа
келеді. Бірақ табиғатта қолшатырға ұқсамайтын әртүр-
лі саңырауқұлақтар түрі көп. Мысалы, нан ашытатын
ашытқы да саңырауқұлақ. Нанның, тосаптың бетінің,
жемістердің көгергенін көруге болады. Бұлар – зең саңы-
рауқұлақ. Зең саңырауқұлақтардың зиянымен бірге пай-
дасы да бар. Зең саңырауқұлағынан пенициллин дәрісін
жасайды, кейбір түрлерін ірімшік дайындауда пайдалана-
ды. Кейде ағаштардан қатты өскінді көруге болады – бұл
ағашқұлақ саңырауқұлағы. Ол ағаштарды зақымдайды,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
ағаш қурап қалса да оның сүрегімен қоректене береді.
1 2 3 4
66-сурет. Паразит саңырауқұлақтар түрі.
1 – ағашқұлақ саңырауқұлағы; 2 – жеміс шірігі;
3 – қара күйе; 4 – пеницилл
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Қалпақшалы саңырауқұлақтың құрылысын зерделейміз.
Қалпақшалы саңырауқұлақ құрылысы. Саңырауқұ-
лақтар көктемде, жазда, күзде ауа райы ылғалды және
жылы болса, жақсы өседі. Саңырауқұлақтың тамыры, са-
бағы, жапырағы мен гүлі болмайды.
Қалпақшалы саңырауқұлақтар – көпжылдық ағзалар.
Қалпақшалы саңырауқұлақтың жерүсті бөлігін же-
місті дене деп атайды. Жемісті дене қалпақша мен түбір-
70
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.