Page 67 - 7.5.1
P. 67
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Бактериялардың көбеюі. Қолайлы жағдайда бактерия- special-edu.kz.
лар бөліну арқылы көбейеді. Мұнда бір жасуша екіге
бөлінеді. Пайда болған жас жасушалар әрбір 20 минут
сайын бөлініп отырады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
61-сурет. Бактерияның бөліну арқылы көбеюі
Бактериялардың қоректенуі және тыныс алуы. Бакте-
риялар қоректенуіне қарай екі топқа бөлінеді. Көптеген
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
бактериялар жануарлардың өлекселері мен өсімдіктің қал-
дықтарымен қоректенеді. Ал екінші бактерия-паразиттер
тірі ағзалардың денесінде тіршілік етеді.
Бактериялар барлық тірі ағзалар сияқты оттегімен
тыныс алып, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Кейбір
бактериялар оттегісіз тіршілік ете алмайды.
Бактериялар – бұлар майда тірі ағзалар. Олардың пішіні
әртүрлі болады. Бөліну арқылы көбейеді. Спора түзеді. Бактерия-
ның спорасы жағымсыз жағдайларда қорғаныштық қызмет атқа-
рады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Бактериялар. Споралар.
1. Бактериялар табиғатта қайда кездеседі?
2. Бактериялардың пішіндері қандай болады?
3. Бактериялар қоректенуі бойынша қандай топтарға бөлінеді?
4. Бактериялар жағымсыз жағдайда қалай тіршілік етеді?
5. Бактериялар қалай көбейеді?
6. Бактериялар қалай тыныс алады?
Жұмыс дәптеріндегі № 76, 77, 78-тапсырмаларды орында.
65
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.