Page 63 - 7.5.1
P. 63

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



        пырақтан түзілетін органикалық заттармен қоректене ал-                                   special-edu.kz.
        маған өсімдік мүлдем өліп қалуы мүмкін.
            Әрбір өсімдік айналасындағы орта жағдайларымен бай-
        ланыста тіршілік етеді. Өсімдіктер айналадағы табиғи орта-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        дан тіршілігіне қажетті барлық заттарды алады. Мысалы,
        өсімдіктер айналадағы ортадан су, ауа, минералды тұздар-
        ды сіңіреді, Күннің қызуы мен жарығын пайдаланады.
            Өсімдік  өз  тіршілігіне  қажетті  заттармен  неғұрлым
        жақсы қамтамасыз етілсе, ол соғұрлым жақсы өсіп, көп
        өнім  береді.  Адам  өсімдіктерге  қамқор  болып,  оларға
        көмектеседі. Мысалы, топырақты қопсытады, суғарады,
        тыңайтқыш салады, арамшөптерді жояды.
            Ал жабайы өсімдіктер қалай тіршілік етеді? Оларға да
        қамқор  болу  керек.  Адамдар  өсімдікті  қорғау  бойынша
        жұмыстарды  ұйымдастырады,  жаңа  саябақтар,  гүлзар-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        ларды отырғызады, аулалар мен көшелерді көгалданды-
        рады.

              Өсімдік – біртұтас ағза, оның барлық мүшелері өзара тығыз
          байланысқан.  Бір  мүшесінің  жағдайына  барлық  мүшелерінің
          жағдайлары тәуелді болады. Өсімдіктің тіршілік етуі үшін оттегі,
          көмірқышқыл газы, жарық, жылу, су қажет, ол оның барлығын
          қоршаған ортадан алады. Адам жақсы өнім алу үшін өсімдікке
          қолайлы жағдай туғызады.


                 Біртұтас ағза. Өзара байланыс.

 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 1. Өсімдіктер қандай бөліктерден құралады?
                 2. Өсімдікті неге «бір тұтас ағза» деп атайды?
                 3. Өсімдік мүшелерінің өзара байланысын қалай түсінесің?
                 Мысал келтір.
                 4. Өсімдіктің  тірішілігі үшін қандай жағдайлар қажет?
                 5. Адам өсімдік үшін қолайлы жағдайды қалай жасайды?
                 Ол неге оны істейді?

                 Жұмыс дәптеріндегі № 70, 71, 72-тапсырмаларды орында.





                                                                                    61
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68