Page 61 - 7.5.1
P. 61
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Егер тамырсабақты жерге отырғызса, онда ол тамыр special-edu.kz.
беріп, одан жаңа өсімдік дамиды. Яғни, тамырсабақ та-
мыр емес, ол – түрі өзгерген жерасты сабақ (өркін).
Картоптың жұқа кесіндісінен қабықты, сүректі және
өзекті көруге болады. Бұл қабаттар сабаққа тән ерекшелік-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
тер. Түйнектің сыртқы бетінде бүршіктер болады. Олар
көзшелерде орналасқан. Осының бәрі картоп түйнегінің
түрі өзгерген жерасты сабақ екенін дәлелдейді. Сабақтар-
дың түрін өзгертуі қоршаған орта жағдайына байланысты
болады. Бұл оларға құрғақшылықтан, аяздан, жануарлар-
дың жеп кетуінен қорғануға көмектеседі. Сонымен бірге
түрі өзгерген жерасты сабақтар өсімдіктің жерүсті бөлік-
терінің өсуі және дамуы үшін қажетті органикалық зат-
тарды (картоп түйнегіндегі крахмал) жинайды.
Көптеген мәдени және жабайы өсімдіктер түрі өзгер-
ген сабақтардың көмегімен көбейеді. Мысалы, қойбүл-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
діргенді мұртшаларымен, картопты түйнектерімен көбей-
теді. Бидайық пен қалақай да тамырсабақтар көмегімен
көбейеді.
Адамдар кейбір түрі өзгерген өркендерді тамаққа, мал
азығына және өнеркәсіпке қажетті шикізат ретінде пай-
даланады. Пияз, сарымсақ немесе інжугүл дәрі ретінде
пайдаланылуы мүмкін.
Өсімдіктердің түрі өзгерген жерасты және жерүсті өркендері
болады. Түрі өзгерген өркендер қорғау, өрмелеу, органикалық
заттарды жинау, көбею қызметтерін атқарады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Түрі өзгерген өркендер. Тамырсабақ. Түйнек. Пиязшық.
Көзше.
1. Қандай түрі өзгерген өркендерді білесің?
2. Тамырсабағы бар өсімдіктерді ата.
3. Картоптың түйнегін неге өркен деп санауға болады?
4. Түрі өзгерген өркендердің өсімдіктер тіршілігіндегі рөлі
қандай?
5. Адамдар түрі өзгерген өркендерді қалай пайдаланады?
Жұмыс дәптеріндегі № 67, 68, 69-тапсырмаларды орында.
59
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.