Page 56 - 7.5.1
P. 56
special-edu.kz.
special-edu.kz.
23. Сабақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы special-edu.kz.
Сабақ – өсімдіктің маңызды мүшесі. Сабақ өсімдік-
тердің жерасты мүшелері мен жерүсті мүшелерін бір-
бірімен жалғастырып тұрады. Сабақтың өсімдіктер тір-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
шілігінде басқа да маңызы бар. Сабақ бойынша тамырдан
жапырақтарға, гүлдер мен жемістерге су мен минерал-
дық тұздар жеткізіледі. Жапырақта жарықта түзілген
органикалық заттар сабақ бойымен тамырға жеткізіледі.
Бұған төмендегі екі тәжірибе дәлел болады.
5 а-тәжірибе. Минералдық заттар мен судың
сабақ бойымен қозғалуы
1. Жапырағы бар бұтақты суы боялған сауытқа салып
қоямыз.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2. 1-2 күннен кейін бұтақты судан шығарып алып,
оны бірнеше жерден көлденеңінен және ұзына бойынан
кесеміз. Нені байқадың? Суда болған бояу бұтақтың сүре-
гін бояған (53 а-сурет). Тәжірибеде бояу минералдық зат-
тардың орнына қолданылған. Бұл су мен минералдық
тұздардың сабақ бойымен қозғалатынын көрсетеді.
Егер шөптесін өсімдіктердің бұтақтарын боялған суға
салса, онда жапырақтар мен гүлдердің жүйкелері бояла-
ды (53 б-сурет).
а) б) в)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
53-сурет. Су мен минералдық тұздардың сүрек бойымен (а) және
шөптесін өсімдіктердің сабағы (б) бойымен гүлге және жапыраққа
(в) қарай қозғалатынын көрсететін тәжірибе.
54
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.