Page 57 - 7.5.1
P. 57
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Сұйықтық оларға сабақтың ішкі бөлігі арқылы жетті special-edu.kz.
(53 в-сурет).
5 б-тәжірибе. Минералдық заттар мен судың
сүрек бойымен қозғалуы
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Ағаштың және бұтаның бұтағын алып, оның екі
ұшын кесеміз. Бір бұтақтың ені 2-3 см болатындай етіп
қабығын сақиналап кесіп аламыз.
2. Екі бұтақты да суға қойып бақылаймыз.
7-10 күннен кейін сақиналап кесілген бұтақта қо-
салқы тамыр кесілген жерінің жоғарғы жағынан шыға-
ды. Кесілген жердің төменгі жағында тамырлар пайда
болмайды. Қоректік зат кесілген жерден төмен қарай өте
алмайды. Бұл қоректік заттардың тек қабықпен қозғала-
тынын дәлелдейді. Ал қабығы кесілмей салынған бұтақта
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
қосалқы тамырлар бұтақтың ұшынан дамиды. Мұндай
бұтақтар сабақ кесіндісі деп аталады. Көптеген бөлме
өсімдіктері мен жидек бұталары (қарақат, қарлыған) осы
тәсілмен көбейеді.
Сабақ өсімдіктің тірегі болады. Су, минералдық және ор-
ганикалық заттар сабақ бойымен қозғалады. Сабақ өсімдіктің
жерасты бөлігі мен жерүсті бөліктерін жалғастырып тұрады.
1. Сабақтың тірек рөлін қалай түсінуге болады?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Су мен минералдық заттар сабақтың қай бөлігімен қозға-
лады?
3. Су мен минералдық заттардың өсімдікке қабық арқылы
жеткізілетінін қандай тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады?
Жұмыс дәптеріндегі № 61, 62, 63-тәжірибелерді орында.
Қорек заттардың өсімдік бойымен қозалуын дәлелдей-
тін тәжірибе жүргіз. Бақылау нәтижелерін дәптерге жаз.
55
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.