Page 60 - 7.5.1
P. 60

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                              25. Сабақтың түрөзгерістері,                                       special-edu.kz.
                олардың биологиялық және практикалық рөлі


                 Өсімдіктерде  түрлерін  өзгерткен  өркендер  құрылуы
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             мүмкін.  Өркеннің  не  екенін  есіңе  түсір.  Жерүсті  және
             жерасты өркендер болады.
                 Қойбүлдірген, асқабақ, жүзім, қиярдың  мұртшалары
             түрі өзгерген жерүсті өркендерге жатады. Қойбүлдірген-
             нің мұртшасының жоғарғы бүршігі өсімдікке жаңа жерге
             бекуге және өсуге көмектеседі. Мұртшалар шырмалғыш
             және  өрмелегіш  сабақтарға  жапырақтарын  жарыққа
             шығаруға, сабақты тік қалыпта ұстап тұруға көмектеседі.
             Қараған,  долананың  жануарлардың  жеуінен  қорғайтын
             тікенектері болады. Тікенектер судың булануын азайта-
             ды. Мұндай өсімдіктер тіршілік жағдайына бейімделеді.
             Кейбір гүлді өсімдіктердің түрі өзгерген жерасты өркен-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             дері болады (57-сурет).
                 Қалақайдың,  құртқашаштың,  зімбірдің  тамырсабағы
             болады (57.1-сурет). Картоптың, жералмұрттың жерасты












                1           57-сурет. Түрі өзгерген жерасты өркендер:
                                                                         3
                                            2
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                      1 – тамырсабақтар; 2 – түйнектер; 3 – пиязшықтар
             өркендері түйнек деп аталады (57.2-сурет). Ал пияз, лала-
             гүлдің, қызғалдақтың жерасты өркені пиязшық деп атала-
             ды (57.3-сурет). Жерасты өркендердің жерүсті өркендер-
             ден сыртқы түрі бойынша айырмашылықтары болады.
                 Тамырсабақ тамырға ұқсайды, бірақ оның бүршігі және
             қабыршақтары (түрі өзгерген жапырақтар) болады. Тамыр-
             дан жанама тамырлар өседі, ал бүршіктерден келешекте
             жерасты және жерүсті өркендер дамиды.


             58
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65