Page 53 - 7.5.1
P. 53
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Жапырақтың түсуінің басқа да мәні белгілі. Қыс мез- special-edu.kz.
гілінде қар жиі жауады. Қар жалаңаш бұтақтарға ілін-
бейді, яғни бұтақтар қар салмағынан сынып қалмайды.
Жапырақты, қылқанжапырақты өсімдіктердің бар-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
лығының жапырақтары түседі. Тек жапырақты өсімдік-
тердің жапырақтары күзде, ал қылқанжапырақтылардікі
көктемде түседі. Қылқандардың барлығы бірден түспей-
ді, біртіндеп түседі, сондықтан бұл өсімдіктердің жапы-
рақтары түспейтіндей көрінеді.
Жапырақтар түскеннен кейін бұтақтарда бүршіктер
қалады. Көктемде бүршіктерден жаңа жапырақтар шыға
бастайды. Ағаштардан түскен жапырақтар, қылқандар
қыста тамыр жүйесін аяздан сақтайтын табиғи жамылғы
болып табылады. Көктемге қарай топырақ жібіп, ері-
ген қар, жауған жаңбырдың суынан түскен жапырақтар
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
шіри бастайды. Бұл топырақ үшін тыңайтқыш, өсімдік-
тер үшін қорек заттар қоры болып табылады.
Климаты ыстық аймақтарда жапырақтың түсуі құр-
ғақшылықты білдіреді. Ағаштар судың жетіспеуінен жа-
пырақтарын тастайды. Бұл жиі жағдайда жазда, шілде,
тамыз айларында болуы мүмкін.
Жапырақтың түсуі өсімдікті тіршіліктің жағымсыз жағдай-
ларынан қорғайды. Бұндай жағымсыз жағдайларға қатты ыстық
және қатты суық, өсімдікте зиянды заттардың жиналуы жатады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Жапырақтар қай уақытта түседі?
2. Жапырақтар күзде неге түстерін өзгертеді?
3. Жапырақтардың түсуінің өсімдік үшін қандай маңызы
бар?
4. Жапырақты ағаштар мен қылқанжапырақты ағаштар-
дың жапырақ тастауларында қандай айырмашылықтар бар?
5. Түскен жапырақтардың қандай пайдасы бар?
Жұмыс дәптеріндегі № 55, 56, 57-тапсырмаларды орында.
51
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.