Page 66 - 7.5.1
P. 66
special-edu.kz.
special-edu.kz.
3-ТАРАУ. ТІРІ АҒЗАЛАРДЫҢ special-edu.kz.
КӨПТҮРЛІЛІГІ
28. Бактериялар, олардың көбеюі және таралуы
special-edu.kz. туралы жалпы түсінік special-edu.kz.
special-edu.kz.
Бактериялар – бұл өте майда тірі ағзалар. Оларды
микроскоп арқылы ғана көруге болады. Бактерия бар-
лық жерде: ауада, суда, топырақта, мұздықта, мұнайда,
өсімдікте, жануарлар мен адамдардың ағзаларында бола-
ды. Бактерияның пішіндері әртүрлі болады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
60-сурет. Бактерияның пішіндері
Кейбір бактериялардың талшықтары болады, олар осы
талшықтардың көмегімен қозғалады. Көптеген бактерия-
лар тізбектеліп, топталып қабықша түрінде болады. Бар-
лық бактерияларды түссіз деп айтуға болады.
Спораның құрылуы. Бактериялардың тіршілігі үшін
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
қолайсыз жағдайлар туса, мысалы, қорек ылғал жет-
кіліксіз болса, температура төмендеп немесе көтеріліп
кетсе, бактериялар сыртын тығыз, берік қабықшамен
қаптап, спораға айналады. Спора күйінде сыртқы орта
жағдайына (қатты суық, құрғақшылық) өте төзімді бола-
ды; тіпті қайнаған суда да бірден өліп қалмайды. Спора-
лар, әсіресе ауада, топырақта өте көп болады. Споралар
желмен, сумен таралады да, қолайлы жерге түссе, қорек-
теніп, қайтадан бактерияға айналады.
64
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.