Page 118 - 7.9.1
P. 118

special-edu.kz.




                 6-тапсырма.               special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                    Мәтінді түсініп оқы. Мазмұнын өз сөзіңмен айтып бер.
                 Сұрақтарға жауап бер.
                 1. Бақшашы баласымен қайда келді? 2. Бала қандай ағаштарды
             көрді? 3. Әкесі түзу, қисық ағаштар туралы не деді? 4. Әкесі бала-
                                           special-edu.kz.
 special-edu.kz.                         Бақша ағаштары                                          special-edu.kz.
             сына қандай ақыл айтты?


                 Жаздың бір әдемі күнінде таңертең бір бақшашы ба-
             ласымен бақшаға барып, жеміс ағаштарын көріп жүрді.
             Баласы әкесінен:
                 – Әке, мынау ағаш неге түп-түзу, ал мынау ағаш неге
             қисық? – деп сұрады.
                 – Оның себебі, балам, мынау ағашты күткен, суғарған,
             қисық бұтақтарын кескен. Сондықтан ол ағаш түп-түзу
             болып жақсы өскен. Ал анау ағашта күтуші болмаған, өз
             бетімен өскен, сондықтан ол қисық болып өскен.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 – Олай болса, бағу, тәрбиелеуде де көп мағына бар екен
             ғой, әке, – депті баласы.
                 –  Бағу,  тәрбиелеуде  көп  мағына  бар,  мұнан  көп  ғи-
             брат алу керек. Сен де осы ағаш сияқтысың. Сенің қате
             істеріңді түзеп отырсам, ақылды, жақсы бала болып өсесің.
             Ал тыңдамай, өз бетіңмен кетсең, жаман адам болып өсе-
             сің, – депті әкесі.
                                                                    (Ы. Алтынсарин)

                 7-тапсырма.
                    Мәтінді түсініп оқы. Мазмұнын өз сөзіңмен айтып бер.
                 Сұрақтарға жауап бер.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 1.  Уақытыңды  қалай  пайдаланасың?  2.  Күнделікті  күніңді
             жоспарлайсың ба? 3. Босқа кеткен уақытыңа өкінбейсің бе?

                 Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Ол алтыннан да қым-
             бат. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның
             құр босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес.
                 Кісінің іскерлігі уақытты босқа жібермеуден бастала-
             ды. Біз көбінесе сол уақытты бағалай білмейміз.
                 Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап оты-
             рады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді.

             116
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123