Page 119 - 7.9.1
P. 119

special-edu.kz.




            8-тапсырма.                    special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
               Ертегіні түсініп оқы. Түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып бер.
            Сұрақтарға жауап бер.
            1. Мәтін нелер туралы? 2. Үшеуі не туралы сөйлесті? 3. Тауық
        қандай екен? 4. Тышқан мен құр қандай екен?
 special-edu.kz.              Тауық, тышқан және құр                                             special-edu.kz.
                                           special-edu.kz.
            Ертегіні  досыңмен  бірге  рөлге  бөліп  оқыңдар.  Нан  туралы  не
        білетініңді айтып бер.



            Ерте заманда тауық, тышқан, құр үшеуі бірге тұрып-
        ты. Бір күні тауық арпаның дәнін тауып алыпты. Ол:
            – Дән таптым! Мұны диірменге апару керек. Кәне, қай-

        сысың алып жүресің?– депті.
            – Мен апара алмаймын,– депті тышқан.
            – Мен де апара алмаймын,– депті құр.
            Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті. Диірменге тартты-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        рыпты. Тауық:
            – Енді ұнды үйге кім арқалап апарады? – депті.
            – Мен апара алмаймын, – депті тышқан.
            – Мен де апара алмаймын, – депті құр.
            Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.

            – Кім қамыр илейді? – деп сұрапты тауық.
            – Мен илей алмаймын, – депті тышқан.
            – Мен де илей алмаймын, – депті құр.
            Қамырды тауықтың өзі илепті.
            – Пешке нанды кім салады? – деп сұрапты тауық.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            – Мен сала алмаймын, – депті тышқан.
            – Мен де сала алмаймын, – депті құр.

            Нанды да тауықтың өзі салыпты.
            Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты.
            Тауық нанды алып қойыпты да:
            – Мұны кім жейді? – деп сұрапты.
            – Мен, – деп, тышқан үстелге келіп отырыпты.
            – Мен де жеймін, – деп, құр да үстелге келіп отырыпты.


                                                                                   117
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124