Page 120 - 7.9.1
P. 120
special-edu.kz.
9-тапсырма. special-edu.kz. special-edu.kz.
Мәтінді түсініп оқы. Мазмұнын өз сөзіңмен айтып бер.
Сұрақтарға жауап бер.
1. Тұз тауы қай республикада? 2. Ол тау неден құралған? 3. Та-
удың биіктігі неше метр? 4. Тұз қабаты жердің қанша шақырым
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
тереңдігін алып жатыр?
Тұз тауы
Тәжікстанның оңтүстігінде ежелгі Кулявкаға таяу
жерде Хожа Момын деп аталатын биік, асқар тау бар.
Бұл тау тек таза тұздан құралған. Егер бұл таудың тұзын
асқа пайдаланса, жер бетіндегі бүкіл адам баласына ша-
мамен 100 миллион жылға жететін көрінеді.
Таудың биіктігі – 900 метр. Тұз қабаты жердің 4,5 км
тереңдігін алып жатыр.
(«Ғалам ғажаптары» кітабынан.)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Тіл дамытуға арналған тапсырмалар
1. Кез келген газеттен дауысты дыбыс бар 10 сөзді тап.
Оларды дөңгелектеп қарындашпен сызып қой. Ор-
нын анықта (басында, ортасында, соңында).
2. Ашықхатқа, суретке қарап отырып, қызықты әңгіме
не ертегі құра (суреттің мазмұнына сәйкес өлең, ән,
мақал-мәтел тап).
3. Бүгінгі күнді суретте (аспан, Күн, ауа райының тем-
пературасы, өзіңнің көңіл күйің қандай?). Толық
сөйлеммен жаз. Сөздер қайталанбасын.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Өзің ең жақсы көретін гүл, ағаш, жыл мезгілі,
ойыншық, жануар, құс т. б. бейнеленген бір суретке
сәйкес өлең, тақпақ, мақал тап.
5. Затты түріне қарап зерделе.
6. Сағатты суретте. Ол адамға не үшін қажет? Қандай
түрлері бар?
7. «Мектепке барар жолда» деген тақырып бойынша
қоршаған ортадағы сұлулықты, жолда болған оқиға-
ны, тағы басқа көрген жағдайларды айтып бер.
118
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.