Page 106 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 106
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Отан special.edu.kz.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
special.edu.kz. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, special.edu.kz.
special.edu.kz.
Мен оның құдіретті үнін* сүйем.
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан! Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
(М. Мақатаев)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
құдіретті үнін сүйем – қасиетті, ардақты сөз
1. Өлең қалай аталады?
2. Ақын Отанды сүйетінін қандай сөздермен жеткізген?
3. Мен оның қасиетті, құдіретті несін сүйем деген?
4. Отанды сүю сезімін жәндіктер арқылы қандай сөзбен берген?
5. Отанға деген сезім қандай құстың үніне теңелген?
6. Бәрінен де биік деп нені айтқан?
7. «Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем» дегенді қалай түсінесің?
Мақтаныш сезіммен ақынның өлеңде Отанды қалай сүйеті-
нін оқы.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып айтып бер. Жатта.
Мен оның т...н сүйем, к...н сүйем. ... Жалғастыр.
Өлеңде ақын үшін Отан қандай екенін тауып оқы. Айтып бер.
Жатта.
Оқы. Өлеңнің қалай аталатынын айт. Ақын Отан туралы не айт-
ты? Айт.
Отан үшін еңбек етсең,
Халқыңның сүйген ұлы боласың
Мақалды жатта. Мағынасын аш. Мысал келтір.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
104