Page 110 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 110

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                              Жас бұтақ                                          special.edu.kz.
                 Жұмақан баққа келді. Бақтың ішінде атасы мен Жәкен
             әкесі отырды. Алма ағаштың көлеңкесіне отыра кетті. Қол-
             мен ағашты ұстады. Бұтағын сипай жөнелді.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Жәкен:
                 – Қандай адам болар екенсің? Әкең құсаған дарылдаған*
             болармысың, әлде шешең құсаған аққөңіл болармысың? –
             дейтін.
                 – Тәтеме, тартам, – дейтін Жұмақан.
                 Әкесі мен атасы:
                 – Жарайсың, Жұмақаным, жарайсың. Тек жақсы бол.
             Оқы, адам бол, – деп батасын беретін.
                 Бір кезде Жәкең:
                 – Сен мынау ағашты білемісің? Бұл не ағаш? – деп сұрады.
                 Жұмақан:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Білем,әке, бұл – атамның өз қолымен отырғызған алма
             ағашы.
                 Жәкеңнің сүйеніп отырғаны  сол алма ағашы екен. Жұ-
             мақан оны белгілеп жүретін. Жетектеп әкелгенде де әдейі
             сол ағашқа әкелді.
                 – Қарашы, алманың түйіні бар ма? – деді әкесі.
                 Жұмақан:
                 – Бар, тіпті көп шықты.
                 Әкесі:
                 – Көктемде көп шыққанымен, алмаға піскенше көп күтім
             керек екенін білесің бе? – дейді.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Жәкен:
                 – Әке, оған кім тиеді? Балалар ма? Мен оларға тигізбеймін.
                 – Жалғыз балалар тимейді. Алмаларға үлкен күтім қажет.
             Алмаларды құрт жейді. Түбіне су құймаса қурап қалады, –
             деді әкесі.
                 Әкесі осыны айтқанда, Жұмақан үндемей қалды. Әкесі одан
             әрі сөйлеген жоқ. Біраз демалып отырды. Әлден уақытта:
                 – Сен биыл нешедесің? – деп сұрады.
                 – Сегіздемін, – деді Жұмақан.



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          108
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115