Page 114 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 114

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                                Мейірім                                          special.edu.kz.
                                                     І

                 Шоқан  бұл  жазда  әкесінің  қасында  көп  бола  алмады.
             Оның да өз себебі бар. Әкесі осы жазда үйде көп болма-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             ды. Әкесі Шыңғыс ел арасындағы дау-дамайлармен жүреді.
             Оны қалаға, далаға да жиі шақырып тұрады.
                 Шоқанға бұл жазда кездескен бір көңілсіз жай болды.
                 Ол – Шеген ауылы жылқышыларының егіншілерге істе-
             генін көрді. Ол барып тұрған өрескел* бір үстемдік* еді.
                 Ауыл жайлаудан қайта көшті.
                 Шыңғыс ауылының жылқысы күзекке* бара жатты. Көр-
             шілес Шеген ауылының жылқысы да осы өлкеге бет алды.
                 Қалың жылқының алдынан екі ат мінген кісі шыға келді.

                 Олар айқайлап, жылқыны қырға қарай қуа бастады. Бұл
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             екеуін көрген жылқышылар бір сәт кідірді. Сосын оларға
             қарсы ұмтылды.
                 Шоқан да солармен ілесе шауып келеді.
                 Жылқышылар:
                 – Неге қайырасың жылқының бетін?! – деп ақырды. Олар
             әлгі екі кісіні қамшының астына алды.
                 – Уа, төре ауылының ұрда-жық малшылары, жылқыла-

             рың шалғынымды жапырып кетті. Егінімді таптадыңдар. Ме-
             ні қорладыңдар. Ол аздай – мені таяққа жықпақшысыңдар.
             Шығарыңдар өзен бойынан мына малдарыңды! – деп, Ше-
             генің жылқышыларына тұра ұмтылды. Жылқышылар да тай-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             салмай:
                 – Мынаның да арқасы қышыған екен, – деп қамшы сілтей
             бастады.
                 Шоқан:
                 – Тоқтаңдар, не деген сотқарлық! Адамшылық емес
             қой! – деп ара түсті. Шоқанның дауысын естіген жер қорушы:
                 – Шырағым, төре бала, әкеңе арыз айтқанда куә бол.
             Мына қодар құлдардың бізге істейтіні осы. Әттең, аға сұлтан




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          112
   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119